2016 жылы Евразия банкі агрохолдингті сотқа берген болатын. Ол банкке 80 миллион доллар қарызын уақытылы төлемегені үшін, соттан холдингті банкрот деп жариялауды сұраған. Алайда олигарх Розиновтың агрохолдингі банкрот деп мойындалған жоқ.
«Иволго-Холдинг» ЖШС – еліміздегі ең ірі агроөнеркәсіптік компанияның бірегейі. Оған ауыл шаруашылығы техникалары паркі, мұнай өнімдері базалары, май құю стансалары қарайды. Нарықта келе жатқанына 25 жыл болды.
«Иволго-Холдинг» алқаптары көлемі жөнінен тек еліміздегі ғана емес, дүние жүзіндегі ең ірі агрохолдингтің бірі. Оның бүгінгі мүшкіл халі дағдарыс сөзінің мағынасымен бірдей. Мүкіндіктерді дұрыс басқарса Иволгоның аяғынан тұрып ғана қоймай, еліміз экономикасы флагманының бірі болуға әлеуеті жетеді» деп жазады Айдарбек Асанұлы өзінің парақшасында.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай